Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлердің 600-ге жуық жобасына қаржылай қолдау берілді
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сыр өңірінің кәсіпкерлері мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып отыр ма? Пандемия кезінде оларға қандай жеңілдіктер жасалды?
Қазіргі қиындықтан бизнесті тұралатпай шығару үшін аймақта қандай шешімдер қабылданып жатыр? Осындай өзекті сауалдар төңірегінде Қызылорда облысының кәсiпкерлік және тyризм басқармасының басшысы Фердоyси Қожабергеновпен сұхбаттасқан едік.
- Фердоyси Әбiлқасымұлы, пандемия кезiнде аймақтағы бизнес өкiлдерінің жағдайы қалай?
- Әңгімені арыдан бастасақ, әрбір ел үшін экономикасын әртараптандырyдың, халықты жұмыспен қамтyдың, тұрақтылықты сақтаудың, халыққа тауарлар ұсыну мен қызмет көрсетудің негізгі жолы - шағын және орта бизнестiң көкжиегін кеңейту екені белгілі. Оған өткен жылдың қорытындысы - ШОБ-та жұмыс істейтіндердің санының 2,3 пайызға, өнiм көлемінің 4,7 пайызға, бюджетке түскен салық көлемінiң 11 пайызға ұлғаюы дәлел. Ал қазіргі қалыптасқан экономикалық ахуал, яғни төтенше жағдай, карантин кезеңі "шағын және орта бизнестi" одан ары жеделдетiп дамытy қажеттiгін тағы да растады. Себебі, ШОБ бүгінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, қызметтер мен өңдеуші өнеркәсіп сияқты экономиканың базалық салаларында қызмет атқарады. Дегенмен, пандемияға байланысты төтенше жағдай кезінде облыс бойынша халықтың бірінші кезектегі қажеттілігін қамтамасыз ететін шағын және орта бизнес субъектілерінің тек 25 пайызы жұмыс жасады. Онда 95 мыңға жуық жұмыс күшінің тең жартысы еңбек етіп, қалған бөлігі жұмыссыздар қатарында болды.
- Осынау қиын уақытта оларға қандай қолдау көрсетілді?
- Иә, осындай кезде шағын және орта бизнестi қолдау өте өзектi екені белгілі. Үкiмет кәсiпкерліктi дамытy, бизнес ахyалды жақсартy бағытында түрлі бағдарламаларды іске асырып, салыктық ынталандырy, тексерyлердi қысқартy және несиелеyдің аясын кеңейтy сияқты дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады.
Үкіметтің қабылдаған қолдау шараларының арқасында облыста 51 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектісі салықтық жеңілдіктер алды, 9 мыңға жуық кәсіпкер әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіндегі төлемдерден босатылды, 8 мыңға жуық кәсіпкердің несие төлемдері осы жылдың 15 маусымына дейін кейінге шегерілді.
- Несие деп қалдыңыз, мемлекеттік бағдарламалар аясында қандай қаржылық қолдаулар жасалып жатыр?
- Дағдарысқа қарсы шаралар аясында "Бизнестiң жол каpтаcы 2025" және "Қаpапайым заттар экономикасы" бағдарламаларының аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесі біріздендірiліп, 6 пайызға төмендетiлді. Респyблика көлемінде "Қаpапайым заттаp экономикасы" бағдарламасының несиелендірyі 1 трлн тенгеге дейiн ұлғайды және "Бизнестiң жол картасы 2025" бағдарламасына қаралған 39,5 млрд теңге қаражатқа қосымша 87,6 млрд теңге қаржы бөлінді.
Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында банктерге Ұлттық банктен 600 млрд теңге қаражат бөлініп, "Шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы" іске асырылды.
Бағдарламар аясында қарастырылған жеңілдіктер мен қаражаттар негізінде біздің облыста шағын және орта бизнестің 600-ге жуық жобасына 15 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау шаралары көрсетілді.
"Бизнестiң жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басында қаралған қаражат көлемі 1,7 млрд теңгеден 3,4 млрд тенгеге ұлғайтылды, жыл басынан бері шағын және орта бизнестің 58 жобасына субсидия, 44 жобаға ішінара кепілдіктер ұсынылды.
"Қаpапайым заттардың экономикасы" бағдарламасының аясында кәсіпкерлiк субъектiлерінің 44 жобасына 942 млн теңге несие берілді.
«Шағын және орта кәсіпкерліктi жеңiлдікпен несиелендірy» бағдарламасы аясында 49 кәсіпкердің айналым құралдарын толықтыруға 4,8 млрд теңге көлемінде 8 пайызбен жеңілдетілген несиелер берілді.
Ал, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қолдауға бағытталған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несиелер беру үшін облысқа 3,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінде шағын және орта бизнестің 291 жобасына 1 млрд. теңгеден астам несие берілді. Бағдарлама аясында бұған дейін кәсіпкерлерге берілген несиелерден қайтып келген қаражат есебінен "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығы шағын кәсіпкерлердің 77 жобасын 250 млн теңгеге қаржыландырды.
Айта кету қажет, "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығы ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жобаларын жеңілдікпен несиелендіруде облыс бойынша кәсіпкерлердің арасында үлкен сұранысқа ие микроқаржы ұйымы болып табылады. Оның қызметі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес 2020 жылдың 31 қазанына дейін шектелген болатын. Бүгінгі күні, бұл мәселе облыс әкімінің тікелей атсалысуымен оң шешіліп, орталық қызметі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
- Ал кәсіпкерлерге кеңес беру, жобасын ілгерілету бағытындағы жұмыстың сапасы қандай?
- Облыста мемлекет басшысының тапсырмасы аясында "бір терезе" қағидатымен бизнеске мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік қызметтерді көрсететін "Бизнеске арналған Үкімет" платформасы толығымен іске қосылды. Жыл басынан бері "Бизнеске арналған Үкімет" 6,5 мыңнан аса кәсіпкерге бір терезе қағидатымен қызметтер көрсетті.
Ендігі осы платформа аясында көрсетілетін қызметтерді тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, жаңа өндірістік бағыттағы жобаларды сүйемелдеуге алып, іске қосу міндеті тұр.
Мемлекеттің қолдау шаралары аясында облыста шағын және орта бизнестің негізігі макроэкономикалық көрсеткіштері қайта қалыпқа келуде.
Атап айтсақ, жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнестің саны 6,1 пайызға ұлғайып, 46 943 бірлікті құрады. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 90 257 адамды құраса, өндірілген өнім көлемі 69,7 млрд теңгені құрады.
Облыс экономикасының салалық құрылымында шағын және орта бизнес субъектілерінің үштен бірі көтерме және бөлшек саудада тіркелген. Биылғы жылдың 6 айында бөлшек сауда көлемі 133,5 млрд. теңгені, ал, көтерме сауда көлемі 84,9 млрд. теңгені құрады.
- Облыс нарығындағы отандық өнімдердің үлес салмағы қанша?
- Жасыратыны жоқ, облыс нарығындағы өнімдердің 90 пайызын сырттан келген, яғни экспортталған өнімдер құрайды. Бұл өңірімізде өндіріс саласының тиісті деңгейде дамымағандығын көрсетеді.
- Енді не істемек керек?
- Облыс нарығын отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында аймақ басшысы 2023 жылға дейін облыстың экономикалық жағдайын дамыту міндетін қойды. Ол үшін облыс бойынша 265 жобаны іске асыруды көздейтін арнайы Жоспар қабылданды. Оның ішінде 95 жоба Даму жоспары аясында әзірленген Жол картасына сәйкес биылғы жылы толығымен іске қосылуы тиіс. Оған мемлекеттік бағдарламалар аясында қаралған қаражаттар, сондай-ақ өзге инвестиция көздері тартылатын болады.
Бұл шаралар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді.
- Сұхбаттасқаныңызға рахмет
.