Мемлекеттік аппарат ашық инновациялар саясатын жүргізіп жатыр – Келімбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов «Цифрлық трансформация және өмірдің жаңа сапасы» атты «OPEN MIND» ашық инновациялардың алғашқы онлайн форумында айтты.
2018 жылғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төртінші индустриялық революцияға өту жөнінде айтқан болатын. Ал 2015 жылы мемлекеттік аппаратты дамыту, бес институционалдық реформа, «100 нақты қадам» бойынша нақты мақсаттар қойылды. 2050 жылғы стратегияда да «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы болған еді. Пандемия жаһандық трендтерге ықпал етті. Ол адамдар үшін сын-қатерге айналды, - деді ол.
Келімбетов пандемия енгізген салалардағы өзгерістерге барлығы куә болғанын атап өтті.
Былтыр Президент реформаларды өткізу мәселесіне назар аударған болатын. Олардың барлығы мемлекеттік аппараттың жалпылама жұмысына енгізілді. Ол бүгінгі форум тақырыбымен де тұспа-тұс келіп отыр. Себебі мемлекеттік аппарат ашық инновациялар саясатын жүргізіп жатыр. Үкімет мемлекеттік бағдарламаларды реттеуден ұлттық жобаларға өткен болатын. Сол ұлттық жобалардың бірі цифрландыру мен инновацияларды дамыту арқылы алға қарай ілгерілеуді көздейді, - деді Келімбетов.
Ол атағандай, өте маңызды мақсаттар қойылып отыр.
Қазақстан цифрлық даму жағынан 29-орынды алып отырмыз. Бірақ еліміз қазіргі кезеңде жаңа платформада жұмыс жүргізу бойынша танымал болып отыр. Қазіргі қоғам үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болу маңызды. Цифрландыру бойынша министрлік қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр, - деді ол.