Мемлекеттер мен ЕАЭО арасында сандық деңгейде шектеулер болмауы керек – Пашинян
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Digital Almaty 2021» форумында айтты.
Бірлескен жобаларды жүзеге асырудан бөлек, біз бұрыннан бар тиімді шешімдерді кеңейту бағытында жұмыс істеуіміз керек. Мұндай шешімдер біздің елімізде аз емес. Біздің мақсатымыз – азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтерді толыққанды және жан-жақты қамтылған цифровизация болуы керек. Ол үшін электрондық қызметтер, ұялы телефондар, желілік сервистер және де өзге технологиялардың тұтас спектрін қолдану қажет, - деді ол.
Пашинян мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арасында сандық деңгейде шектеулердің болмауына ұмтылу керегін, ал, қазір бар мәселелердің минимум деңгейге түсуіне атсалысу керегін айтады.
Цифровизация беріп отырған мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануға болады, оны көріп те отырмыз. Біздің бірлескен жұмысымыз бен тәжірибеміз сандық технологияның барлық салаларында алға қарай нық қадам жасап, табысқа жетуге мүмкіндік беретініне сенімім мол, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ол сандық технология сферасы Армения экономикасында жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі екенін және 2020 жылы елдегі ІТ-компаниялардың айналымы 400 миллион доллардан асқанын мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сатирик Көпен Әмірбектің інісі қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы