Мемлекетке пайда тигізгісі келетін жастарды қабылдауға тырысамыз – Жайылғанова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар алаңында «Президенттік жастар кадр резервіне 2-ші іріктеудің басталуы туралы» өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.

Ол биылғы жылғы іріктеудің кезеңдері офлайн және онлайн форматта өтетінін хабарлады.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры іріктеудің бірінші кезеңінің қағидаларына тоқталды.

Бұл кезеңнен талаптарға сәйкес келетін барлық үміткерлер өтеді. Ал сандық тестілеуден өтуге ең көп бал жинаған үміткерлердің 50 пайызы жіберіледі. Тестілеу тілін тапсырушы өз бетінше таңдайды. Оның мәтінді түсіну деңгейі бағаланады. Әрбір тест 25 сұрақтан тұрады. Оған жауап беру үшін 25 минут уақыт беріледі. Тестілеу аяқталған соң үміткердің жеке кабинетінде жарияланады. Кезең қортындысын есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады, -деді ол.

Сонымен қатар Президенттік резервке іріктеу барысында кімдерге басымдық берілетіні айтылды.

Біз үміткерді қабылдаған кезде өзі үшін ғана емес мемлекетке пайда тигізгісі келетін жастарды қабылдауға тырысамыз. Біздің биылғы ерекшелігіміз мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын Казтесттің болуы, -деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова.

Сөз соңында іріктеудің қортынды кезеңдерінің қалай жүзеге асатынын айтылды.

Ұлттық комиссия отырысы қортынды кезең болып табылады. Оның құрамы Президенттің жарлығымен бекітілген. Ұлттық комиссия қажет болған жағдайда үміткерлерді жүзбе жүз сұқбаттасуға шақыра алады. Сонымен қатар қортынды бойынша 50-ден аспайтын үміткерді резевке алу туралы шешім қабылданады, - Ерлан Әбіл.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы