Мемлекетке опасыздық жасаған Шайхутдинов 7 жылға сотталды
Мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтағанын және үш адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады BAQ.KZ.
Мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтағанын және үш адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады BAQ.KZ.
ҰҚК-нің мәліметінше, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М. Шайхутдиновты (Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары) Қылмыстық кодекстің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырған. Қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1 бөлігі – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (Қылмыстық кодекстің 176-бабы – тыңшылық) кінәсі де толық дәлелденген. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандығынан айырылған.
Арнайы іс-шаралар кешенінің басқа да кезеңдерін іске асыруды ескере отырып, шетелдік арнаулы қызметтердің қай елге тиесілі екені және қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер жария етілуге жатпайды, - деп хабарлады ведомстводағылар.