Мемлекетке 400 млн теңге залал келтірген қазақстандыққа іздеу салынды
М.А. Бойко балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР азаматы Михаил Адамович Бойконы (1963 жылғы 25 маусым туған) іздестіруде. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару) және 218-бабы 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру) бойынша қылмыс жасады деп күдікке ілінді.
М.А. Бойко балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген. Егер сіз іздестіріліп жатқан азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, бізге хабарлауыңызды сұраймыз. +7-701-218-05-23, +7-701-121-47-65 - азаматтарды іздестіру бойынша, +7-7272 - 79-29-56 - кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимділікке кепілдік береміз, - делінген хабарламада.