Мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды
Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Заңсыз келуші-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 73 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 58 шетелдік Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін, оның 54-і ТМД азаматтары болса, алыс шетелдіктердің саны – 4. Бұл туралы көліктегі Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады. Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 5 шетелдік елден шығарылды.
Сондай-ақ осы іс-шара барысында Ыстамбұл – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын анықтап, ұстады, – деді Мадияр Айтуғанов.