Мемлекет жастарды қолдауға айрықша назар аударып келеді – Дархан Қыдырәлі
Ақмола облысы Зеренді ауданында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Жастар ісі Академиясы» өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Академия жастар ресурстық орталықтары қызметкерлеріне арналған.
Мемлекет тарапынан жастарды қолдауға айрықша назар аударылып келеді. Биылғы Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Мемлекет басшысы: «Жас ұрпақ тарих тағылымын және елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бір арнаға тоғыстырып жатыр. Осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейте түсу – мемлекеттің міндеті. Бүгінгі алқалы жиынның жастарға арналуының да өзіндік мәні зор. Адал және әділ деген сөздер түбірлес. Әділет ұғымы адалдықтан басталады. Адалдық жас кезден бойға сіңеді. Сондықтан, адал азаматтар әркез әділетті қоғамның іргетасын қалайды», – дейді Д.Қыдырәлі.Қазір елімізде жастар саны 6 миллионға дейін көбейді. Сондықтан мәселелер де аз емес. Осыған байланысты бүгін осында облыстағы жастар басқармаларының, жастар ресурстық орталықтарының басшыларымен жиналып, үшкүндік семинар-тренингтер өткізіп жатырмыз, - деді Дархан Қыдырәлі.
Академия аясында жастар ресурстық орталықтары қызметін жетілдіруге бағытталған стратегиялық сессия, «Tool fair» жастар ресурстық орталықтарының үздік жобалар жәрмеңкесі, «Жастар саясаты: өңірлік аспект», «JRO Level Up», «Media.PR» тренингтері өткізіледі.
Үш күннің ішінде оннан атам алаңда семинар-тренингтер өтеді. Жастар мәселелері төңірегінде әртүрлі пікірталастар болады. Осы үш күн жастарымыздың болашағын айқындауға жақсы мүмкіндіктер береді деп ойлаймын, - дейді министр.
Академия жұмысының нәтижесінде жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған тың идялар талқыланып, әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірыңғай тізімі бекітіліп, жастар ресурстық орталықтары жұмысын жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданып, өңірлік өзара іс-қимыл жүзеге асырылады деп күтіледі.