Мемлекет қаржысына салынған мекемелер жеке меншікке берілмеуі керек – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова білім саласында қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім берумен қамту көрсеткіштері дамыған елдерден әлдеқайда төмен екенін айтты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова білім саласында қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім берумен қамту көрсеткіштері дамыған елдерден әлдеқайда төмен екенін айтты.
"Бағаны арттыру қажет, мазмұнын жаңарту керек. Қазақстанда мектеп бітіргендердің 60%-ы – ЖОО, 40%-ы кәсіптік-техникалық оқу орындарын таңдайды. Жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылық әлі де болса төмен. Бүгінде колледж бітіргендердің 40%-ы ғана өз мамандықтарымен жұмыс істейді. Алайда кәсібі мамандығына дөп келмесе де 68% түлек жұмыспен қамтылып отыр деген ресми ақпарат бар", - деді Мәжіліс депутаты.
Хаменова 2018 және 2019 оқу жылдарын салыстырғанда жергілікті бюджеттен бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемі 2782 орынға азайғанын айтты.
"Мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарында Нұр-Сұлтан қаласында бір колледждің құрылысы көзделген. Қалалық білім беру басқармасының колледж құрылысы аяқталды деп мәлімдеп отыр. Бірақ ғимарат халықаралық туризм және қонақжайлық университетіне беріліп жатыр. Мемлекет қаражатына салынған мүлікті тегін таратудың тағы бір мысалы, қалалық білім басқармасынан қанша сұрасақ та шегіне жете алмай отырған бір жауабымыз бар. Нұр-Сұлтан қаласындағы жалғыз педагогтарды даярлайтын мемлекеттік гуманитарлық колледжін "Астана" ЖШС университетіне не сенімгерлікке, не жеке меншікке берілген", - деді депутат.
Ол мемлекет қаржысына салынған мекемелер жеке меншікке берілмеу керек екенін айтты. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Парламент кулуарында бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар шешетінін айтты.
"Оны министрлік беріп жатқан жоқ. Екіншіден, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Колледж ретінде мамандарды дайындау үшін қалып жатыр. Жергілікті атқарушы орган шешімімен оны университетке беріп жатыр. Бұл шешімнің арқасында педагог кадрларды даярлауда ешқандай қиындық тумайды. Қайта жұмыстың тиімділігі артады", - деп жауап берді министр.
- Ұлытау, Қызылорда және Павлодар облыстары құрылыс саласында ең жоғары өсім көрсетті 12:13
- Ұлттық банк инфляция деңгейі туралы: Ахуал толық тұрақтанды деуге әлі ерте 12:00
- Астана маңындағы демалыс аймағында зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр: полиция тексеруді бастады 11:55
- ҚҚС түсетін түсім бір жарым есеге жуық өсті – вице-премьер 11:37
- Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,9 миллионға жетті 11:21
- Бозжырадағы түсірілім: Джеки Чан Маңғыстаудың табиғатына тәнті болды 11:10
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуды көздеп отыр 11:01