Әлеуметтік жетімдікті жою арқылы мемлекет отбасыларға қолдау көрсетуде – балалар үйінің директоры

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ертең Елордада білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтеді. Жыл сайынғы педагогикалық конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен осы саланың мамандары жиналмақ.

Балаларды оқыту, тәрбиелеуге қатысты түйіткілді мәселелер талқыланатын алқалы жиында білім беру сапасын арттыру шаралары ғана емес сонымен қатар балаларды қолдау, көмек көрсету мәселесі де сөз болады. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы «Үміт» балалар үйінің директоры пікір білдірді.

«Биылғы жылы білім саласында көптеген өзгерістер орын алды. Оның ең алғашқысы, әрине «Педагогтың мәртебесі» заңнамасының дайындалуы. Бұл заңнаманы талқылауға бүкіл қазақстандықтардың қатысқандығы қуантады. Тіпті кішкентай ғана ауылдың мектеп мұғалімдерінен атақты педагогтардың пікірлері тыңдалды. Бұл пікір алмасу шыныменде педагогтардың мәртебесін көтерді. Сондай-ақ, биыл мұғалімдердің жалақысы көтерілді, оның ішінде педагогикалық қызметін енді бастаған жас мамандардың жалақысы 25-30 пайызға артты. Бұл ең дүрыс шешім деп ойлаймын. Әйтпесе, білім саласына жас мамандарды қалай тартар едік. Сонымен қатар,басқа да сала мамандарының жалақысының өскені қуантты. Себебі аз жалақыға техникалық қызметкер табу қиынға соғатын еді», - дейді «Үміт» балалар үйінің директоры Мария Бейсеканова.


Оның сөзінше, елімізде отбасын қолдау орталықтарының жұмыстары жандануда.

«Бұл әлеуметтік жетімдіктің алдын алудың бір түрі болып табылады. Иә, шыныменде әлеуметтік жетімдікті жою арқылы мемлекет отбасыларға қолдау көрсетуде. Дегенменде бұл сала әлі де болса жұмыстар жетерлік. Мысалы, нашар, қолайсыз отбасылармен жұмыс істеп, отбасының сақталуына, балалардың жетім қалмауына көмек көрсететін мамандар қажет. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бұл мемлекет деңгейінде қазақтандықтардың өмір сапасын арттыру деп санаймын. Осылайша, әлеуметтік қауіп факторы төмендейді. Сонымен қатар, Елімізде жетім балаларды, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді потранатты отбасыларға орналастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл да атқарылған істердің бір парасы деп ойлаймын», - деді Мария Бейсеканова.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы