"Мемлекет көмектеседі". Бектенов отандық өнімдермен қамту шараларын күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов ішкі нарықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту туралы баяндама тыңдады. 

«World Green Company» ЖШС көкөніс өсіретін жылыжай кешеніне барған Үкімет басшысы ондағы технологиялық үдеріспен танысып, дайын өнімдерді қарап шықты. Жылыжай аумағында көкөніс өсіруге барлық қажетті жағдай жасалған: суару, желдету, көлеңкелеу, ылғалдандыру, салқындату, жылыту және басқа да жүйелер жұмыс істейді. Бір жылда мұнда 6 мың тоннадан астам қияр мен қызанақ өндіріледі. Премьер-Министр ішкі нарықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуды қолдайды. Биыл АӨК қолдау шаралары аясында 430 млрд теңге қарастырылды. Алайда, Президенттің тапсырмасы бойынша біз бұл соманы екі есеге арттырамыз. Сондықтан бізде ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін ұлғайту перспективасы жоғары, енді белсенді жұмыс істеу қажет. Мемлекет тарапынан қажетті көмек көрсетіледі, - деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ мұнда Үкімет басшысына инвестиция көлемі шамамен $2,4 млрд құрайтын, қуаттылығы 6 млн тонна калий тыңайтқыштарын өндіретін Қазақстандағы тұңғыш тау-кен байыту кешенін салу жобасы таныстырылды. Бүгінгі таңда елімізде мұндай тыңайтқыштарға орташа қажеттілік жылына 18 мың тоннаны құрайды. Зауыт 2035 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады. Жоба аясында 4 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы