Мемлекет инвестициялық климатты жақсарту үшін жұмыс істеуі керек - Сэр Сума Чакрабарти
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Astana Finance Days 2021 аясында өткен «Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстанның ұлттық басымдықтары» сессиясында ҚР Президентінің кеңесшісі, Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабарти Қазақстанда коронакризиспен күрестің кезеңідеріне тоқталды.
Оның айтуынша, бұл мәселенің де маңызды кезеңдері бар. Маңыздысы - экономиканы жұмыс орындарын сақтау арқылы қалпына келтіру.Коронавирустан туындаған дағдарыспен қай ел тиімді күресе алды деген мәселені қозғағанда екі кезеңді ескеру маңызды. Біріншісі дағдарысты басқару. Менің ойымша, өлім-жітім көрсеткішіне көз жүргіртсек, Шығыс Азия мен Австралия оң нәтиже көрсеткенін байқауға болады. Халықты вакцинациялау жағынан көшті АҚШ пен Израиль бастап тұр. Алайда Ұлыбритания АҚШ-тан гөрі жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Ол Еуропада вакцинациялау бойынша жоғары көрсеткішке ие болған ел. Кейбір елдердің вакцинацияның екінші кезеңінде жақсы көрсеткіштерге ие болғанын байқауға болады. Мұның барлығы мемлекеттік жүйенің жоспарлау көрсеткішінің нәтижесі деп баға беруге тұрарлық, - деді ол.
Бұл мәселеде мемлекеттің белсенді болуы тиіс екенін байқадық. Мемлекеттік аппарат реформаларына кризис пен падемия салдарынан салмақ түсті. Қауіп бар, ол әлемнің барлық еліне ортақ. Адамдар мемлекеттің жағдайды өз қолына алып, экономиканы басқаруына үйреніп қалады. Керісінше нарық экономиканы басқаруы тиіс, - дейді ол.Оның ойынша экономиканы нарық басқару тиіс.
Менің Президент кеңесшісі ретіндегі рөлім экономиканың нарықтық моделін құруға атсалысу. Сондықтан мемлекет бұл бағытты инвестициялық климатты жақсартуға, реформалардың жүзеге асырылуына жағдай жасауы керек деп есептеймін. Даму тұрақты даму болуы тиіс. Яғни жерасты қазбаларын пайдалануды азайту, отын энергетикалық құрылымның баланысын өзгертуіміз керек. Мемлекет жоспарлау ісінде осы мәселелерді ескеруі тиіс және оған көңіл бөліп отырғанын да атап өту керек, - деді ол.