Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Тоқаев құтқарушыларды құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін - құтқарушылардың кәсіби мерекесі. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қызметкерді мерекесімен құттықтады.

Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.

Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы