Мемлекет бюджетіне кіріс әкелетін ІТ нарығын қалыптастыру керек – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы нарықта ақша таба алатын және мемлекеттік бюджетке кіріс әкелетін ІТ нарық қалыптастырғым келеді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. 

Кеше ІТ-нарықтағы өкілдермен техникалық кездесу өтті. Жүздесуде мен платформалық модельді енгізу және ІТ жүйелерін қайта қарау аясында қалай жұмыс істейтінімізді ашық айттым. Бүгін мен 2004 жылдан бастап мемлекеттік органдардың бюджетін игеріп, елдің ақпараттық жүйесі қалай жұмыс істейтінін білгісі келетіндерді шақырғым келеді. Біздегі нарық шашыраңқы және жүйелер жөнсіз жұмыс істейді деген әңгіме өткен күннің еншісінде екенін де айтқым келеді. Менің министр ретіндегі міндетім - ел ішінде бәсекеге қабілетті қызметтерді ұсына алатын мықты нарық құру. Мен мемлекеттік бюджетті пайдаланып қана қоймай, сонымен  қатар сыртқы нарықта ақша таба алатын және мемлекеттік бюджетке қаражат әкелетін ІТ нарығын оятқым келеді, - деп жазды Мусин.

Министрдің айтуынша, елдегі бәсекелес нарықтың оянып, қабылдаған шешімдерге жауап беріп, оған қатысуға дайын екендігі қуантады.
Кеше айтқанымдай, ақпараттық-коммуникациялық платформа және оған Сбербанктің қатысуы талқылануда. Нарық қатысушылары осындай дайын шешімді ұсына алмайтындықтарын мойындады. Нақты шешім шыққанша қазіргі туындаған мәселені бірігіп шешуде жұмыс істейтін ортақ құрал ұсынады деген сенімдемін.  Сондықтан ІТ саладан тыс жүрген сарапшылардың екіұдай пікіріне тікелей эфирде жауап беріп әрі ҰКП ІТ комитетінің өкілдері Исин мен Башеевтің де ұсыныстарын тыңдағым келеді, - деп жазды Бағдат Мусин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы