Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар тағайындау болды

Мемлекет басшысының жарлығымен бірнеше тағайындау болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды;

Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды;

Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы