Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.  

 

Оған барлық министрлер мен өңір әкімдері қатысып жатыр. Отырыс барысында алты айдың қорытындысы жасалады деп күтілуде. Сондай-ақ жаңа үш облысты қосқанда, жиырма өңір бойынша жарты жылдық есеп толықтырылып жасалады.

Еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланып, қорытындыланады. 

Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысы биыл екінші мәрте өткізіліп отыр. Ақпан айында Президенттің төрағалығымен ұйымдастырылған жиында елдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, биылғы жоспарға талқыға түсті. Сондай-ақ отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыру және теңсіздікті азайту басым міндеттің бірі деп атаған болатын. 

Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы