Мемлекет басшысының шұғыл шешімдері елді осындай ауыр соққыдан алып шықты – Қошанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты. 

Жыл басында еліміз үшін үлкен сынақ болды. Бейбіт тұрғындар зардап шекті. Елдігімізге қауіп төнді. Осы сын сағаттарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл да жедел шешімдер қабылдап, елді осындай ауыр соққыдан алып шықты. Жағдай қысқа мерзімде тұрақталды, - деді Қошанов. 

Ол атағандай, отырыста сөз сөйлеген азаматтар Президенттің табанды шешімдерінің арқасында мемлекеттілік сақтап қалғанын айтып жатыр. 

Уақыт өте келе бұл елдік пен тұтастықты сақтап қалу үшін жасалған бірден-бір қадам екенін түсініп отырмыз. Бүгін біз қайтар оқиғасын осындай кең форматта алғаш рет талқыладық. Әрине, мән-жайды толық анықтау үшін әлі де біраз уақыт қажет. Заңдылық тұрғысынан барлығы мінсіз болуы керек. Асығыстық танытуға болмайды. Себебі таразы басында адам тағдыры тұр, - деді Қошанов. 

Қошанов атағандай, бұл бойынша Президент тапсырмасы бар. 

Бұл жөнінде Президенттің кінәсіз адам жазаға тартылмауы тиіс, ал қызметкерлер қатаң жазасын алуы керек деген тапсырмасы бар. Ол тапсырма мүлтіксіз орындалуы керек. Осы мәселелер үнемі депутаттардың бақылауында болуы тиіс, - деді ол. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы