Бүгiн 2026, 09:05 Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың төрағасын тағайындады

Асламбек Мерғалиев Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.