Бүгiн 2026, 14:00 Фото: Ақорда

Конституция күні бұдан былай 15 наурызда тойланады

Президент жалпыхалықтық референдумда жастардың белсенді болғанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заңның ең алдымен, ұрпақ игілігі үшін қабылданғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Өздеріңізге мәлім, мен осы аптаның басында Қазақстан Республикасының Конституциясына және Бас құжаттың ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Енді 1 шілдеден бастап Конституция өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін біз бәріміз біртұтас халық болып референдум өткізілген күні, яғни, 15 наурызда жыл сайын мемлекеттік мереке ретінде атап өтеміз, тойлаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтуынша, саяси науқанда жастардың белсенділігі мен жаңашылдық айқын көрініс тапқан.

Жалпыхалықтық референдумда жастарымыздың белсенділігі, жаңашылдығы және жауапкершілігі айқын көрінді. Олар Отанына адал, ойы озық, жасампаз азаматтар ретінде өздерінің жарқын келешегіне қатысты таңдауын жасады. Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды, бұл жастарға арналған құжат десек, қате болмайды. Төрге озған Халық Конституциясы жастарға жөн сілтейді, өмір жолын көрсетеді. Жаңа Ата заң жас ұрпақпен бірге жасай береді, - деді Президент.