Мемлекет басшысы Жақып Асановты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентіне сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізу барысы жайында мәлімет берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа судьяларды іріктеу жүйесін жақсартуға, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге және сот ісін жүргізу сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жөнінде айтылды.
Жақып Асанов биылғы 30 қазан күні онлайн форматта өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағаларының 15-кеңесінің қорытындылары туралы мәлімет берді.
Президент қылмыстық процесте айыптаушы мен қорғаушы тараптар арасында нақты жарыссөзді қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру сот төрелігі жүйесінің басты басымдығы екенін ерекше атап өтті.
- Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды 04:26
- АҚШ-та мұнай қоры көбейіп, әлемдік нарықта баға төмендеді 03:44
- Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 02:52
- Брекситтен кейін Ұлыбритания мен ЕО ынтымақтастықты кеңейтпек 01:29
- Nvidia Қытайға жасанды интеллект чиптерін жеткізуді тоқтатты 00:30
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026