Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы