14 Қазан 2026, 13:28
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы World Aquatics президентін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы әлемде және Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды қабылдағаны хабарланды.