16 Ақпан 2023 2023, 20:50
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.