28 Қаңтар 2025 2025, 18:55 Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Тет мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Вьетнамды оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ерекше мән беретінін жазған.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне табыс, ал оның халқына құт-береке тіледі.