Мемлекет басшысы Үстел теннисі орталығына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Халықаралық үстел теннисі федерациясының барлық талабына сай келетін жаңа Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Президентке спорт кешенінің инфрақұрылымы таныстырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас спортшы қызбен теннис ойнады.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ракеткасына қолтаңба жазып берді.
Заманауи орталықта жарыс өткізетін 12 және жаттығу жасайтын 24 үстел бар. Зал үстел теннисіне қажетті алты автоматты тренажермен, кәсіби бейне және аудио құрылғылармен, көрермендерге арналған 328 орындықты трибунамен жабдықталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб саудадағы техникалық реттеу мәселелерін қарады
Келесі жаңалық
Солтүстік Қазақстанда пияз бен өсімдік майы арзандады
Өзгелердің жаңалығы