Мемлекет басшысы UEFA президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы.

Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

Футбол экожүйесін дамыту

Мемлекет басшысы отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыруды, клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударуды тапсырды.

Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

UEFA тарапынан қолдау

 Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы