Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, - делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркияның Болу провинциясында шипажайды шарпыған өрттен 76 адам қаза тапты. Осы оқиғаға қатысты Түркияда бүгін, яғни 22 қаңтарда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада картоп неше теңгеге қымбаттады?
Өзгелердің жаңалығы