Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы «Кулие» сарайында өткен Түркия Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөйлеген сөзінде ұлықтау рәсіміне арнайы келіп қатысқаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысымен қатар салтанатты шараға, 40-тан астам мемлекеттің басшыларын, үкіметтер мен парламенттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қоса алғанда, 90-нан астам делегация өкілі қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы