Президент Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барады, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ.
Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр, - делінген жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы