Мемлекет басшысы тұрақтандыру қорларының қызметіне сын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мәлімдеді.

Бүгін қандай да бір өнімнің экспортына тыйым салу туралы шешім тауарлық балансы есепке алмастан қабылданады. Бұл қажетті тауарлар өндірісі тартымдылығының тапшылығына немесе төмендеуіне алып келеді. Нәтижесінде мұндай шаралардың тиімділігі бірден төмендеп кетеді. Үкіметке негізгі тауарлар балансын қалыптастыру ережелерін бекіту қажет және ең бастысы бірыңғай ақпараттық мониторинг жүйесін әзірлеу керек. Бұл шешім қабылдау үшін өнім қалдықтары туралы дәйекті деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Президент. 

Сонымен қатар ол тұрақтандыру қорларының қызметін сынады. 

Тұрақтандыру қорларының қызметі жоғары тиімділікті көрсете алмай отыр. Олардың нарыққа әсері өте аз. Олар қара ниетті тұлғалардың азығына айналып отыр. Осы мәселені шешу керек. Бюджетті ұрлау деректері тұрақты анықталып келеді. Әкімдер мемлекет қаражатын шығындауды бақылаудан шығарып алды. Үкімет «айналымдық схеманы» 100 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынды. Менің сұрағым бар. Күтілетін нәтиже есептелді ме? Сауда желілерін емес, тікелей өндірушілерді несиелеу қисынға сай келмей ме? Қазір Үкіметтен жауап күтемін. Тиімділік көзқарасы тұрғысынан соңғы шешімді ойластыру керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы