Мемлекет басшысы телефон арқылы келіссөздер жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды. 

Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті. 

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы