1 Қаңтар 2024 2024, 16:39 Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Словак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Словак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Словак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Зузана Чапутованы Словак Республикасының құрылған күнімен құттықтады.

Егемендік пен бірлік құндылықтарын ту еткен еліңіз бүгінде өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық аренадағы беделін арттыруда биік белестерді бағындырып келеді. Осы тұста Отаныңыз баянды өркендеуін жалғастырып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Словакия арасында қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтемін. Екіжақты ықпалдастығымыз келешекте де зор жетістіктерге толы болатынына кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зузана Чапутованың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал Словак халқына бақ-береке тіледі.