2 Тамыз 2019 2019, 15:23
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.