Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесті
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара қолдауға және мазмұнды саяси диалогқа негізделген берік серіктестік қатынас орнағанын атап өтті.
Қазақстан Президенті сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыра түсу үшін үкіметтер деңгейінде пәрменді шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев виза режиміне қатысты шарттарды жеңілдету және екі ел арасында тікелей әрі тұрақты әуе рейстерін ашу маңызды екеніне назар аударды.
Тараптар халықаралық ұйымдар аясында, атап айтқанда БҰҰ деңгейінде өзара ықпалдастықтың маңызды аспектілерін талқылады.
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Азия даму банкі Қазақстанға ағынды суларды тазартуға көмектеседі
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы