Мемлекет басшысы Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін тағы да растады.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше кешкісін Түрікменстанға барды. Түрікменбашы әуежайынан Қазақстан Президентін Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды. Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесті.

Тоқаев Түрікменстанда БҰҰ конференциясы делегацияларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті мен БҰҰ Бас хатшысы қарсы алды.

Қазақстан Президенті Авазада өткен БҰҰ конференциясында бастама көтергені жайлы да жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы