Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорын реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет берілді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алмасадам Сәтқалиев Президентке энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты.

Мемлекет басшысына Қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы