Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның бірнеше провинциясында болған жойқын зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Режеп Тайип Ердоғанға қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түркияның зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін  жеткізді.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы