Мемлекет басшысы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.
Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда жылу бағасы қымбаттайды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы