Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
"Сапар барысында Мемлекет басшысының Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына қатысуы жоспарлануда", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын аралап көріп, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында 3 градусқа дейін күн суытады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы