Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге жолдаған жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде орын алған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – деп жазылған Президенттің жеделхатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда алғаш рет Қазақстан жас суретшілерінің көрмесі ашылды
Өзгелердің жаңалығы