Мемлекет басшысы “Qazaqstan” телеарнасын 65 жылдығымен құттықтады

Қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай арнайы шара өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ. KZ тілшісі.

Қазақ телевизиясы 65 жылда халқымыздың ақпарттық және рухани қажетін өтеп отырған қуатты күшке айналды. 1958 жылы 8 Наурыз күні Алматы студиясы арқылы алғашқы сигнал бүкіл елге тарады. Тарихи деректерге сүйенсек, тұңғыш қазақ телеарнасының тырнақалды хабарын республика көрермендері 4100 теледидардан тамашалаған. Осы орайда “Қазақ телевисының 65” жылдығына орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау жеделхатын жолдады.

Құрметті Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясының ұжымы! Сіздерді Қазақстан телеарнасының эфирге шыққанына 65 жыл толуымен құттықтаймын! Қазақ телевизиясының қара шаңырағы саналатын Ұлттық арна еліміздегі Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде ерекше орын алатын медиа құрылым. Қазақстан тележурналистикасының жылнамасы осы арнадан бастау алады. Алғаш құрылған күннен баста халыққа қызмет етуді маңызды миссиясына айналдырған  ұлттық арна ұжымы, бұл міндетін абыроймен атқарып келеді. Оны бағдарламадағы замана тынысынан емес, төл мәдениетіміздің асыл құндылықтарын және ұлтымыздың бітім-болмысынан көруге болады. Телеарнаның «Алтын қорында» ел шежіресіндегі тарихи сәттер мен халқымыздың біртуар перзенттерінің бейнесі сақталған. 
Бүгінде іргелес мемлекеттерге де таза қазақ тілінде хабар тарататын телеарна ұлттың рухани тұтастығын сақтауға зор үлес қосып отыр. Қазақстан - қазақ тележурналистикасының  ұлағатты ұстаханасы. Телевизия саласының көптеген майталманы Ұлттық арнадан шыңдалып шыққаны баршаға белгілі. Осы орайда жас ұрпаққа тәжірибесін үйретіп, тағылымды тәрбие беріп жүрген аға буын өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Телеарна журналистері әрдайым ел мүддесі үшін еңбек ете береді деп сенемін, - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы