Кеше 2026, 18:40
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне барды
Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды.
Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр.
Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.