Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды
Баку әуежайында Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған.
Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырады. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы