Бүгiн 2026, 10:48
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Португалия президентін ұлттық мерекемен құттықтады
Португалия Президентінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Жозе Мартинш Сегуру мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.
Президент айтулы мейрам қарсаңында Португалияның 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын аталған елдің жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды рөліне көрсетілген зор құрмет пен жоғары халықаралық сенімінің көрінісі, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы сан қырлы байланыс халықтарымыздың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдіріп, Португалия Президентінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.