Мемлекет басшысы полипропилен бұйымдарын жасайтын кәсіпорынға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы полипропилен бұйымдарын жасайтын кәсіпорындағы өнім шығару жұмысының технологиялық процесімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Өндірілетін өнім әлемдік стандарттарға сай келеді және Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Зауытта 940-тан астам адам жұмыс істейді.Компанияның бас директоры Рүстем Османов президентке кәсіпорын қызметкерлеріне арналған 600 орындық жатақхананың құрылысы туралы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынатын балабақша жайында баяндады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұғалімдерді қолдау үшін 5 триллионнан астам қаржы бөлінбек
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы