Мемлекет басшысы Палестина Президентімен кездесті

Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

 Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. 

Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы