Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістандағы адамдардың қазасы мен көпшіліктің зардап шегуіне әкелген жойқын су тасқыны туралы хабарды қатты қайғыра қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта Пәкістан Президенті Ариф Альвиге және жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде Пәкістан халқы мен үкіметімен бірге екенін білдірді, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы