4 Қараша 2025 2025, 19:14
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында құрылыс саласын дамытудың басты бағыттары, сондай-ақ жеке бизнестің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселесі талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның негізі қаланған 10 жыл ішінде 55-тен астам жоба жүзеге асырылғаны жөнінде баяндалды.
Атап айтқанда, кәсіпорын 4,8 миллион шаршы метр тұрғын үй салған, соның ішінде 3,6 миллион шаршы метрі – әлеуметтік нысандар.
Нұрлан Артықбаев Qazaq Stroy азаматтарды қолдауға және қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асырып жатқанын айтты.
Компания жыл сайын көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 100-ден астам пәтер береді.