Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Медицина қызметкері күнімен құттықтады.

Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері!
Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер.
Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр.
Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру  жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты.
Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы