29 Қараша 2026, 14:10
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы мәслихат сайлауында дауыс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.